Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5–6–7 сыныптар арасында «Ұлттар ауылы» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, татулықты нығайту, түрлі ұлттардың мәдениетін таныстыру және құрметтеуге баулу.
Фестиваль барысында әр сынып өзіне берілген ұлттың ұлттық киімі, тағамы мен мәдениетін таныстырып, көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, өнер көрсету бөлімінде оқушылар ән мен би арқылы өз өнерлерін ортаға салды.
Оқушылар ерекше белсенділік танытып, әрбір қойылым көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды.