Алматы қаласы «Водник» спорт кешенінде өткен грэпплинг ADS ашық турнирінде 16–17 жас аралығында, 58 кг салмақ дәрежесінде мектебіміздің 10"Е"сынып оқушысы Асқар Абылайхан жүлделі 1-орынды иеленді!
Жарыстың мақсаты – жас ұрпақты тәрбиеге, тәртіпке және батырлық рухқа баулу.
Абылайхан осы сайыста жоғары шеберлік көрсетіп, өз мықтылығын дәлелдеді.
Жас спортшымызға алдағы жарыстарда да биік белестер мен толағай жеңістер тілейміз!
