Мектебімізде 11-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «ҰБТ чемпиондары» атты интеллектуалды ойынның финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқау 4 кезең бойынша өткізілді:
«Блиц тур» – жылдам әрі нақты жауап беру кезеңі
«Сахналық қойылым» – оқушыларға «Менің атым Қожа», «Аққулар ұйықтағанда», «Отырар дастаны» шығармалары ұсынылып, командалар бір туындыны таңдап, сахналық көрініс көрсетті
«Quiz show» – білім мен логиканы ұштастырған сұрақтар кезеңі
«Қара жәшік» – жасырынған затты физикалық, химиялық, биологиялық және географиялық тұрғыда сипаттау
Нәтижесінде:
І орын – 11 «В» сыныбы
ІІ орын – 11 «Ә» сыныбы
ІІІ орын – 11 «Б» сыныбы
Жеңімпаз командалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы мен белсенділігі қуантады! Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз, ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!