Әдістемелік күн – тәжірибе алаңы, кәсіби даму баспалдағы!
Мектебімізде «Орыс тілі сабағында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту: сабақтастық пен тиімді әдістер» тақырыбында әдістемелік күн жоғары деңгейде өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту жолдарын көрсету
Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, тиімді әдістермен бөлісу
Әдістемелік күн барысында әріптестер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, құнды идеялар ұсынды:
Мұхтарова Г. (бастауыш буын)
«Орыс тілін оқытудағы цифрлық ресурстардың тиімділігі»
– Цифрлық платформалардың оқушы қызығушылығын арттырудағы рөлі мен практикалық қолданылуы көрсетілді.
Жанысова С. (орта буын)
«Бағалау – оқытудың құралы: орыс тілі сабағындағы тәжірибе»
– Қалыптастырушы бағалаудың оқыту сапасын арттырудағы маңызы нақты мысалдармен дәлелденді.
Кульмашева Ж. (жоғары буын)
«Орыс тілі сабағында дескриптор құрастырудың практикалық жолдары»
– Дескриптор арқылы нақты, түсінікті бағалау жүйесін құру жолдары ұсынылды.
Іс-шара барысында ұстаздар белсенді пікір алмасып, жаңа әдіс-тәсілдер қоржындарын толықтырды.
Мұндай кездесулер – кәсіби шеберлікті шыңдаудың тиімді алаңы!