Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға нейрожаттығудың пайдасы
ЕББҚ оқушылармен жұмыс барысында әр баланың даму ерекшелігін ескеру өте маңызды. Осындай кезде нейрожаттығулар – тиімді әрі қолжетімді құралдардың бірі.
Нейрожаттығулар ми қызметін белсендіреді, екі жарты шардың байланысын күшейтеді және баланың жалпы дамуына оң әсер етеді.
Пайдасы:
Зейіннің тұрақтылығын арттырады
Қимыл-қозғалыс координациясын дамытады
Есте сақтау қабілетін жақсартады
Сөйлеу тілін дамытуға ықпал етеді
Эмоциялық күйді реттеуге көмектеседі
Оқу дағдыларын меңгеруді жеңілдетеді
Қарапайым жаттығулар:
«Айқас қимылдар» (оң қол – сол тізе, сол қол – оң тізе)
«Құлақ-мұрын» жаттығуы
Саусақ гимнастикасы
Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі пішін салу
Нәтиже:
Жүйелі жүргізілген нейрожаттығулар ЕББҚ оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, өз-өзіне сенімділігін күшейтеді.
Әр бала ерекше. Ал дұрыс әдіс – оның мүмкіндігін ашудың кілті