Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№20 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"№20 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында маңызды кездесу өтті!
Мектебімізде оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы жоғары медициналық «Аяжан» колледжінен арнайы оқытушы ұстаздар келіп, мазмұнды кездесу өткізді. Атап айтқанда, Умбеталиева Айгерім Болатқызы мен Сураншиева Анель Бөкенбаевна оқушыларға колледждің оқу жүйесі, мамандықтары, білім алу мүмкіндіктері мен студенттік өмірі туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, «Бөбек» колледжінен келген оқытушы ұстаздар Шалғынбаева Зафура және Өтеуова Қаракөз Ғалымжанқызы да оқушылармен кездесіп, өз оқу орнының ерекшеліктері мен артықшылықтарын таныстырды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың саналы түрде мамандық таңдауына үлкен септігін тигізеді.