Кітап — білім мен парасаттың белгісі!
Ұлттық кітап күні қарсаңында мектебімізде басталған бейнеэстафета жоғары сынып оқушылары арасында қызу жалғасуда.
Кезектегі эстафета тізгінін 11-сынып оқушысы М. Ташимова алды. Ол өз қатарластарына қазақ әдебиетінің інжу-маржаны — Әзілхан Нұршайықовтың туындыларын оқуға кеңес берді.
Бұл бастаманың мақсаты — жастар арасында көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
Кітап оқу — трендте! Эстафетаны қабыл алыңыздар!