Ұлттық кітап апталығы аясында оқушылар оқыған кітаптарын ойша киномен салыстырып, әр кейіпкердің бейнесін көз алдына елестетіп, оқиға желісін бейнелі түрде сипаттап берді. Бұл олардың қиялын дамытып, шығарманы терең түсінуіне ықпал етті.
Сонымен қатар, оқушылар өзара пікір алмасып, кітаптағы негізгі ойды өмірмен байланыстыра білді. Әр туындыдан алған әсерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мұндай танымдық жұмыстар олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытты.