"Командалық іс-әрекет – табысты инклюзивті білім беру" тақырыбындағы облыстық семинар-практикумда мектебіміздің педагог-логопеді Сейдахан Әзиза Ильясқызы
«Инклюзивті білім берудегі педагогикалық-психологиялық қолдаудың рөлі» тақырыбында өз іс-тәжірибесін таратып, практикалық жұмыс үлгілерімен бөлісті.
Семинар барысында инклюзивті ортада командалық жұмыстың маңыздылығы, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жүйелі қолдау көрсету жолдары, түзету-дамыту жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдері жан-жақты ұсынылды.
Тәжірибе алмасу алаңында әріптестер тарапынан жоғары қызығушылық танытылып, кәсіби пікір алмасу жүргізілді.
Инклюзивті білім беру – әр баланың мүмкіндігі мен болашағына жол ашатын маңызды бағыт.