Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№20 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"№20 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
12 қараша 2025 жыл
Мектепішілік семинар-тренинг
 Тақырыбы:
«Мейірімді мектеп: психологиялық-педагогикалық қолдау мен түсіністік мәдениеті»
Бүгін мектебімізде инклюзивті білім беру аясында мектепішілік семинар өткізілді.
Мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылармен жұмыс істеудің тиімді психологиялық және педагогикалық тәсілдерін талқылау, мұғалімдердің түсіністік пен эмпатия мәдениетін дамыту.
Бағдарлама барысында:
Педагог-логопед Сейдаханов А.И. ЕББҚ білім алушылардың оқу бағдарламаларын бейімдеу алгоритмімен таныстырды;
Педагог-психолог Разаева А.А. ЕББҚ оқушылармен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері, қарым-қатынас стилі және педагогтардың жиі жіберетін қателіктері туралы тәжірибелік тренинг өткізді;
Қатысушылар кері байланыс арқылы өз кәсіби тәжірибесін талдап, жаңа идеялармен бөлісті.
Семинар нәтижесінде мұғалімдер ерекше білім алушыларды қолдау мәдениетінің маңызын тағы бір мәрте түсініп, өз жұмысында қолдануға болатын нақты психологиялық әдістер мен тәсілдерді меңгерді.
Мейірім мен түсіністік – әр баланың дамуының бастауы!