20орта мектеп Мектебімізде «Отбасы мен мектеп байланысы: ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдау жолдары» атты маңызды семинар өтті.
Шара барысында:
ДОІЖО Г.К. Алмабекова семинарды ашып, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Педагог-дефектологтар мен логопедтер (А.Қ. Тезекбай, А.И. Сейдахан, А.К. Момбаева) баланың сөйлеу тілін дамыту және үй жағдайында қолдау көрсетудің тиімді, практикалық әдістерін ұсынды.
Педагог-психолог А. Разаева ата-аналарға арналған психологиялық тренинг өткізіп, балаларға эмоционалды қолдау көрсетудің жолдарын үйретті.
Әлеуметтік педагог Э. Сарбасова құқықтық сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік қолдау жолдарын түсіндірді.
Кездесу соңында ата-аналармен кері байланыс орнатылып, көкейкесті сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Біздің мақсатымыз — әр балаға сапалы білім мен кедергісіз, жылы әрі қолдаушы орта қалыптастыру.