Ерекше баланың қиялын дамыту – бұл тек шығармашылық үдеріс қана емес, сонымен қатар маңызды терапиялық процесс. Осы бағытта арнайы мамандарымыз аянбай еңбек етіп, әр баланың ішкі әлемін ашуға, өзін еркін сезінуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Сабақ барысында түрлі арт-терапия, ойын және қиялды дамытатын әдістер қолданылып, балалардың эмоционалдық жағдайы жақсарып, өз-өзіне деген сенімі арта түсуде. Әрбір жетістік – біз үшін үлкен қуаныш, ал әр бала – шексіз мүмкіндікке толы әлем.