Тарих пәні бойынша ұйымдастырылған интеллектуалды ойында оқушылар қызықты тарихи деректерге терең үңіліп, сұрақтарға жарыса жауап берді. Әр кезең тартысты өтіп, қатысушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдамдықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Ойын барысында оқушылар тарихи оқиғаларды талдап, тұлғалар мен кезеңдерге қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Бұл олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтті.
Белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдіреміз!
Тарихты білу – өткенді құрметтеп, болашақты бағамдау!