Мектебімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Болашақты бірге отырғызайық!» атты игі шара ұйымдастырылды.
Акция барысында оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, табиғатқа жанашырлық танытып, сирек кездесетін мәдени ағаштардың тұқымдарын отырғызды. Бұл – тек көгалдандыру жұмысы ғана емес, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам
Әрбір отырғызылған тұқым – болашаққа деген сенімнің, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің белгісі. Оқушылар табиғатты аялаудың маңызын түсініп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың үлгісін көрсетті
Осындай игі істер арқылы біз таза әрі жасыл болашаққа бірге қадам басамыз!