Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №20 орта мектепте «Таза рәсімі» ұйымдастырылды. Аталған игі шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене қатысып, өз аймағын тазалап, табиғатты аялауға үлкен үлес қосты.
Шара барысында мектеп ауласы тазартылып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны жасылдандыру мақсатында 28 түп ағаш отырғызылды.
Бұл – тек бір күндік еңбек емес, бұл – болашаққа деген жауапкершілік, табиғатқа деген қамқорлықтың айқын көрінісі. Осындай игі істер арқылы өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беріліп, туған жерге деген сүйіспеншілік арта түседі.
Табиғатты бірге қорғайық!