Мектебімізде Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті
Ащыбұлақ ауылдық округінде балаларға қуаныш сыйлаған дәстүрлі әкім шыршасы ұйымдастырылды. Округ бойынша барлық мектептен келген оқушылар мерекелік шараға белсене қатысып, жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күйді бірге бөлісті.
Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ ертегі кейіпкерлері балаларды шаттыққа бөлеп, жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, мерекеге сән қосты. Оқушылар әсем ән айтып, көңілді би билеп, түрлі өнерлерін көрсетті.
Балалар Жаңа жыл – Жылқы жылын көтеріңкі көңіл күймен, ақ тілектермен қарсы алып, мерекелік кештен ерекше әсер алды.
Бұл жарқын шара балаларға қуаныш пен шаттық сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен үмітті арттыра түсті.
Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!
Бейбітшілік, молшылық пен бақытқа толы жыл болсын!